Облыс әкімі Facebook-те жеке парақшасын ашты

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақшасын ашты.
"Құрметті Сыр жұрты! Қадірлі жерлестер!Өздеріңізге белгілі, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әкімдерге халықпен етене байланыс орнату, ол үшін заманауи құралдарды пайдаланып, тұрғындармен кері байланысқа әрқашан әзір болу жөнінде тапсырма берген.
Сондықтан бүгін мен қазақстандықтардың сүйікті әрі танымал "Facebook" әлеуметтік желісінде жеке парақшамды аштым.
Мүмкіндігіме қарай аймақ өміріндегі ең маңызды оқиғалармен бөлісіп отырамын. Ең бастысы Сыр Елі жұртын тыңдайтын және еститін боламын", - делінген  ондағы жазбада.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2020 г. 1 345 0