Бүгін Қызылорда облысында жаңадан коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Жақсылық Абдусаметов хабарлады. «Облыста COVID-19 вирусы бойынша тіркелген 28 науқас. Сондай-ақ, қарым-қатынаста болған 715 адам анықталды. Оның ішінде, 246-сы карантинде болса, 469-ы үй жағдайында бақылауда. Жайдайлары қанағаттанарлық , емдерін жалғастыруда»,-деді Жақсылық Абдусаметов.
Сонымен қатар, санитарлық –эпидемиялық қызметтер олардың тұрғылықты және барған жерлері бойынша дезинфекция жүргізді.