« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
2 сәуір күнгі мәліметке сәйкес өңірлік тұрақтандыру қорында жалпы құны 323,5 млн теңгені құрайтын 2278 тонна өнім бар. Қор әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен әлі де толыға түспек.
Індет кең таралып, елде төтенше жағдай жарияланған тұста халық қажетті тауар тапшылығын сезінбеуі, баға тұрақтылығы бақылауда болуы тиіс. Арнайы штаб отырысында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова: «Қала, аудан әкімдері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының өспеуін бақылауға алып, баға тұрақсыздығына жол бермеу керек. Аудан орталығынан шалғай елді мекендердің тұрғындарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты, уақытылы жетуі қатаң қадағалансын», – деп тапсырма берді.
Карантин кезінде азық-түлік қорын ұлғайту, бағасын бір қалыпта ұстау бағытында бірқатар шара қабылданып, жүзеге асырыла бастады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 31 наурыз күнгі ақпаратына сүйенсек, тағы 3579 тонна азық-түлік сатып алуға 776 млн теңге бөлінді. Оның 105,8 млн теңгесіне, сол сияқты тұрақтандыру қорының қаржысына әлеуметтік маңызы бар өнімдер әкелінуде.
Халықтың қамы үшін бағаны тұрақтандыру – басты міндет. Бұған үлкен септігін тигізе білген әлеуметтік дүкендер өз өнімін тікелей нарыққа шығаратын өндіруші үшін де, теңгесін үнемдейтін тұтынушы үшін де тиімді. Корпорацияға қарасты облыс орталығындағы әлеуметтік дүкендерде нанның бір бөлкесі 55 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар, бірінші сортты ұнның килограмы – 132, күріш – 212, қант – 240, макарон – 150, картоп – 83, сәбіз – 82, жуа – 55, қырыққабат – 95, өсімдік майы – 1700, қарақұмық жармасы – 310, тұз – 33 теңгеден.
– Сиыр мен тауық еті, сүт, қатық, ірімшік, сары май, тауық жұмыртқасын төмен бағада саудалау «Байқоңыр» корпорациясының әріптестері арқылы ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек, қор өнімдерін аудан орталықтары мен Байқоңыр қаласында көлік үстінен сатуға көңіл бөліп отырмыз, – дейді басқарманың бөлім басшысы Ерхан Ағыбаев.
Бюджеттің 776 млн теңге қаржысы есебінен бірінші сортты 1575,1 тонна ұн, 500 тонна күріш, 134 тонна қант, 100 тонна макарон өнімі, 500 тонна картоп, 200 тонна сәбіз, 100 тонна пияз, 35 тонна қырыққабат, 153 тонна өсімдік майы, 100 тонна сиыр еті, 50 тонна тауық еті, 47 тонна сүт, 12 тонна қатық, 300 килограмм ірімшік, 500 килограмм сары май, 2 млн дана тауық жұмыртқасы сатып алынбақ. Оның бір бөлігі 3200, бір бөлігі жаңадан салынған 2000 тонналық қоймаларда сақталулы.
– Аталған өнімдер әлеуметтік дүкендер арқылы нарықтағыдан төмен бағада сатылады. Бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға көмектеседі, – дейді басқарма өкілі.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |