Қызылордада 1700-ден астам адамның карта шоттарына 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем аударылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыс бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев мәлімдеді.
- Бүгінгі күні 2717 азаматтың құжаттары дайындалып, автоматты түрде төлем үшін жолданды. Ал 1715 адамның карта шоттарына тиісті материалдық көмек түсірілді. Egov.kz порталы арқылы түскен өтініштер жұмыспен қамту органдары жанынан құрылған штабтарда қаралуда. Бізге осы штабтардан облыстағы 80 ұйымнан 238 жұмысшыға өтініш түсті. Күнделікті түскен өтініштерге сол күні төлем жасау жүргізілуде. Әлеуметтік сала бойынша мамандарымыз күні-түні жұмыс жасап жатыр, - деді ол.
Филиал басшысы әлеуметтік төлем алу тәртібін түсіндірді. еGov.kz электронды үкімет порталындағы «Төтенше жағдай кезінде 42500 төлеу» қызметін енді SMS арқылы алуға болады. Ол үшін қызмет алушы басты бетте орналасқан сервис бөлімін таңдау қажет. Жүйеге кіру үшін ұсынылған нұсқалардың ішінен ЖСН мен телефон нөмірін енгізе отырып, "бірреттік жасырын сөз" пәрменін таңдау керек.
- Алынған SMS-тен кейін құпия сандарды енгізген соң «дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісемін" деген белгі қойып, "әрі қарай" батырмасын басу қажет. Электрондық өтініш берілгеннен кейін сіздің мәліметтеріңізді, өтініш нөмірін және "өңдеудегі сұрау салу" мәртебесін көрсете отырып терезе ашылады. Мәртебені көріп немесе нәтижені хабарлама түрінде ала аласыз. Аталмыш нәтижені Сіз Жеке кабинетіңіздегі "кіріс" бөлімінен ала аласыз. Егер жүйе мобильді азаматтар базасында тіркелмегеніңізді хабарласа, сол парақтың төменгі оң жақ бұрышындағы орналасқан Kenes виртуалды көмекшісін пайдалана отырып тіркеуден өту керек. Тіркеу жүйе бұл шын мәнінде сіздің телефон нөміріңіз екенін және сіздің жәрдемақы алу үшін оны бөгде ешкім ала алмайтынына көз жеткізуі қажет, - деді А.Қайруллаев.
Мобильді азаматтар базасына тіркелу үшін сізді бейнеқоңырау арқылы ХҚКО операторымен байланыстыра отырып, нөміріңізді базаға енгізеді. Осыдан кейін бірреттік құпиясөз арқылы кіре аласыз және қызметті алу үшін жоғарыда сипатталған қадамдардан өтуге болады.
Мобильді азаматтар базасына азаматтарды тіркеу үшін бүгінде республика көлемінде 500-ге жуық ХҚКО қызметкері жұмыс атқаруда. Ал төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын 3 мыңға жуық қызылордалыққа тиісті қаржы өтінішсіз аударылуда. Төлемді тағайындау проактивті форматта, яғни азаматтардың өтінішінсіз жүзеге асырылды. Төлемді соңғы 12 айда кемінде 1 рет БЖТ төлеген адамдар алуда.