Облыс әкімі үндеу жариялады

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың аймақта короновирус індетінен қалыптасқан жағдайға байланысты тұрғындарға үндеу жариялады.
Облыс әкімі өзінің үндеуінде «Құрметті жерлестер! Қазіргі уақытта Қызылорда облысында короновирус індетімен ауырған 18 азамат тіркелді. Жағдай күрделене түсуде. Қазіргі таңда бұл азаматтардың 5-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 13-і  Жанақорған  ауданаралық ауруханасына  жатқызылды. Осы науқастармен қарым-қатынаста болған 388 адам анықталды. Оның ішінде 101-і тығыз қарым-қатынаста болған. Барлық азаматтар карантиндік  бақылауға  алынды. Негізінен ең алғашқы анықталған адаммен қарым-қатынаста  болған  науқас арқылы 13 адамға  вирус  жұққан. Бүгін жаңадан тіркелген 9 адамның 8-і бір үйдің тұрғындары. Оның ішінде  3-уі 14 жасқа дейінгілер.
Қазір барлық қажетті іс-шаралар қолға алынуда. Қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, оқшалануда. Індет анықталған жерлер әскерилер мен жергілікті  мекемелер  арқылы залалсыздандырылады. Қалыптасқан жағдайға байланысты Жаңақорған ауданын карантинге жабу туралы тапсырма берілді. Көліктердің кіріп-шығуына барынша шектеу қойылуы тиіс. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін осындай шаралар қолдануымыз қажет.
Құрметті қызылордалықтар!
Короновирус індеті таралуының алдын-алу талаптарын қатаң сақтауға тиіспіз. Қазір кез келген адам вирус жұқтыруы мүмкін. Барлық тұрғындар дерттен оқшауланғаны дұрыс. Елді  жөнсіз дүрліктірмес үшін ресми  ақпараттарға сүйенуіміз қажет.  Төтенше жағдай талаптарын  бұзғандарға заң аясында қатаң шаралар қолданылатынын  ескертемін», - деп атап өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 наурыз 2020 г. 1 316 0