Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты Қызылорда облысының Бас санитарлық дәрігерінің "Облыс тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету туралы" 2020 жылғы 30 наурыздағы № 4 қаулы жарияланды.
Қаулыға сәйкес 2020 жылдың 31 наурызы сағат 00:00 бастап 2020 жылдың 15 сәуірі сағат 07:00 дейін Қызылорда қаласында карантин және Қызылорда облысы аумағы бойынша шектеу шаралары енгізіледі.