Коронавирус: Қызылордада 4 адамның ауруды қайдан жұқтырғаны анықталды

 Бүгін Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт адам да - бұған дейін тіркелген науқастармен қарым-қатынаста болғандар. Бұл туралы "Qyzylorda" телеарнасының тікелей эфирінен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлімдеді.
- Олардың бәрі карантинге алынып, оқшауланған еді. Зерттеу нәтижесі, өкінішке қарай, оң нәтиже беріп, бүгін бәрі стационарлық емдеу орнына жатқызылды. Белгіленген хаттамаға сәйкес емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі күні осы кісілермен байланыста болғандардың тізімі әзірленуде. Олар да алдағы уақытта оқшауланады, - деді басқарма басшысы.
Осылайша облыс бойынша ауру жұқтырған адамдар саны 9-ға жетті. Олар дәрігерлердің бақылауында. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 наурыз 2020 г. 1 241 0