Облыс әкімі: "Тәулігіне 24 сағат жұмыс екенін ескертемін"

Төтенше жағдай тұсында алда атқарылар міндеттерді айқындап, жасалатын жұмыстарды нақтылау қажет. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала және аудан әкімдері видеоселекторлық байланыс арқылы қосылған штаб отырысында айтты.
Аймақ басшысы атқарылған жұмыстарға көңілі толмайтынын білдірді.

- Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес бүгіннен бастап індеттің алдын алу бойынша жедел штабты өзім басқаратын боламын. Облыс әкімінің аппараты, қала және аудан әкімдері, Сіздерден төтенше жағдай мерзімінде тәулігіне 24 сағат жұмыс екендігін ескертемін, - деді облыс әкімі.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2020 г. 1 049 0