Облыс әкімі: "Бөлінген қаржы ел игілігіне қызмет етуі тиіс "

 Төтенше жағдай тұсында ысырапшылдыққа жол бермеу керек. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала және аудан әкімдері видеоселекторлық байланыс арқылы қосылған штаб отырысында айтты.

- Қалыптасқан шығыс орынды болып, бөлінген қаражат елдің мүддесіне қызмет етуі тиіс, - деді аймақ басшысы.  

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы қымбат көліктер мен жиһаздарды сатып алуға, түрлі форум, семинар, конференциялар өткізуге жұмсалатын шығындарға  ұзақ мерзімді мораторий жариялауды тапсырған болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2020 г. 369 0