Қызылордаға қосымша медициналық бұйымдар жеткізіледі

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қаладағы Ұлттық сараптама орталығында болып, жұмысымен танысты.

Облыс орталығында орналасқан ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының филиалы қажетті құралдармен жабдықталған.

Қазіргі таңда эксперт-тест қондырғыларының саны – 800 дана. Бұған қоса, қорғаныш костюмдері мен бетперде, қолғаптар бар.

Сондай-ақ, 30 наурыз күні қосымша медициналық бұйымдар әкелінеді.

Гүлшара Әбдіқалықова орталықтың медициналық құрал-жабдық қоры және адам ағзасында қауіпті індетті анықтауға арналған әдіс-тәсілдерімен таныса келе, аталған мекеменің өзекті проблемаларын да тыңдады.

Бүгінде орталыққа залалсыздандыру жұмыстарын сапалы жүргізу үшін арнайы киімдер қажет. Осы мақсатта аймақ басшысы жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.


Кyzylorda-news.kz
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 наурыз 2020 г. 512 0