Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Сұлу-Төбе ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты. 1987 жылдан 1994 жылға дейін Қызылорда облыстық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының бас инспекторы, бөлім бастығы. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің консультанты.


1995-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде басқарма бастығының орынбасары, департамент директорының орынбасары, департамент директоры лауазымдарында қызмет атқарды.


2003 - 2005 жж. - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, 2005 - 2006 жж. - "Өмірді сақтандыру компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы. 2006 - 2007 жж. - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2007 - 2008 жж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы. 2008 - 2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2009 - 2012 жж. - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, 2012 - 2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2013 - 2014 жж.  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары. 2014 - 2019 жж. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы. 2019 жылдың ақпанынан 2019 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары. 2019 жылдың тамызынан бастап-VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.


2008-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы болды.


Мемлекеттік наградалары:

"Астана", медалі /1998

"Ерен еңбегі үшін" медалі /2001/ "

Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл" мерейтойлық медалі» /2005

"Астананың 10 жылдығы" мерейтойлық медалі /2008

"Парасат" ордені, /2009 

"Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" медалі /2015

"Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерейтойлық медалі /2015

, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" , мерейтойлық медалі /2016/

"Астана 20 жыл" /2018


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 наурыз 2020 г. 4 111 0