Оқу гранттарын жеңіп алды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мекте­бінің 12-сынып оқушысы Қа­ламқас Айдарбекова Америка­ның екі бірдей жетекші жоғары оқу орнынан шақырту алды. 

АҚШ академиялық рейтинг жүйе­сінде алдыңғы топтардан көрінетін танымал Дрексель университеті қызыл­ор­далық бі­тіруші түлекке бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу­ға 100% тегін грант бөлсе, Нью-Йорктағы көпсалалы зерт­­теу университеті (NYU) оқу ақысына 50% же­ңіл­дік жасауға дайын екен­діктерін жеткізді.  

«Мамандық таңдауда оның тілдер­мен байланысты әрі динамикалық болу керек­тігін басты назарға алдым. Бүгінде туризм – үздіксіз жаңашыл­дық­тарды қажет ететін қызық­ты салалардың бірі. Бұл бағыт­тағы қызмет маған үлкен мүм­кіндіктерге жол ашатынына сенім­дімін», дейді Қаламқас. 

Ағылшын тілін жетік мең­герген білімпаз  қыз Америка мен Түркияның тағы бірнеше жоғары оқу орындарына құжат тапсырып, бүгінде шешім­де­рін күтуде. Сондай-ақ, ал­да­ғы уақытта еліміздегі На­зар­баев Университетінің де сы­нақтарына қатысуды жос­пар­­­лайды. Бұл жетекші білім ордасында Қаламқас линг­­вис­тика немесе ха­лық­­аралық қатынастар маман­ды­ғы бойынша оқуын жалғас­тырғысы келеді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 наурыз 2020 г. 473 0