Қызылордадан өтетін пойыздар саны қысқарған

Елімізде коронавирус дерті қаупінің алдын алу мақсатында теміржол қатынасында да біршама өзгерістер бар. Ол Қызылорда облысындағы пойыз қоғалысында да көрініс беріп отыр.
– Қазір Қызылорда теміржол вокзалы үстінен өтетін пойыздар саны қысқарды. Бұрын олардың саны тәулігіне 19-ға жуық болатын. Бүгінде ол тәулігіне 7-8 пойыздан аспайды. Алматыға баратын пойыздар Жамбыл облысының Шу стансасына дейін ғана барады. Теміржол вокзалында санитарлық шараларға ерекше мән берілуде. Бұл жұмыстар екі сағат сайын атқарылады. Перронға вокзал ғимараты арқылы өтетін бір жол бар. Онда жауапты сала мамандары арнайы термометрмен жабдықталған. Касса мен кіреберістегі дозарторлар орнатылуда. Қалған бөлігіндегі жол жабық, – деді теміржол вокзалының бастығы Жарас Қойшығұлов.

Әділжан ҮМБЕТ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2020 г. 419 0