Қызылордада дезинфекциялау шаралары басталды

 Коронавирус іңдетіне байланысты 26 наурыз, яғни бүгіннен бастап Қызылорда қаласының теміржол вокзалы мен автовокзал аумағын дезинфекциялау басталды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Қалада орналасқан басқа да қоғамдық орындарды дезинфекциялау жұмысы Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. Түсіністікпен арауларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Дезинфекция жұмысын облыс төңірегіндегі Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдер ұйымдастырады.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2020 г. 556 0