Дәріханаларда маска бар-жоғын қайдан білуге болады?

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті күн сайын облыстың дәріханалық ұйымдарында медициналық маскалардың қалдығына мониторинг жүргізеді.

16.03.2020 жылғы сағат 11.30-дегі жағдай бойынша, дәріханалық ұйымдардағы медициналық маскалардың қалдығы шамамен 4 800 дананы, медициналық респираторлар қалдығы шамамен 1700 дананы, дәке таңғыштар қалдығы шамамен 200 дананы құрайды.

Сонымен қатар, 6 000 дана медициналық маска, 1000 дана медициналық респиратор, 500 дана дәке таңғыш жеткізілімі күтілуде..

Қазіргі уақытта  медициналық маскалар  «Чингиз», «Alexey Sultan-Akhmet», «Фармсервис» дәріхана желілерінде жеткілікті мөлшерде бар.  Атап айтқанда, «Чингиз» ЖШС-нің облыс бойынша дәріхана желілерінде бар.

Ал 18.03.2020 жылғы жағдай бойынша, дәріханалық ұйымдардағы медициналық маскалардың қалдығы шамамен 1 000 дананы, медициналық респираторлар қалдығы шамамен 100 дананы құрайды. Халық тарапынан жоғары сұранысқа байланысты медициналық маска тез өткізілуде.

Сонымен қатар, ҚР ДСМ хаттамалық тапсырмасы бойынша Департамент фармацевтикалық субъектілерге бір адамға 10 дана медициналық масканы сату туралы ұсыныс жасады.

Сондай-ақ, жергілікті кәсіпкер «Dalatex» ЖШС жеке қорғану құралы ретінде пайдаланылатын 8 қабатты көп реттік дәке таңғыштарын өндіруді қолға алды. Аталған өнім қолданыстағы заңнамаға сәйкес дәріханаларда өткізілуіне болады. Осы кәсіпорын тәулігіне 10 мың бірлікке дейінгі дәке таңғыштарын өндіруге мүмкіндігі бар. «Dalatex» ЖШС облыс дәріханаларын халыққа босату үшін дәке таңғыштармен қамтамасыз етуге дайын. Сондай-ақ, бұл дәке таңғыштарды кір сабын ерітіндісімен  жуғаннан кейін бірнеше рет пайдалануға болады.

 Облыс дәріханаларында маскалардың бар-жоғына қатысты ақпаратты 23-82-92 нөміріне қоңырау шалып, департамент мамандарынан білуге болады.

Департамент өз құзыреті шегінде тек дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.


Медициналық маскалар

Дәріхана атауы

Қалдық

Бағасы

ТОО Чингиз

200

150

ИП Зейнуллаева

500

100

ТОО Куандык кожа

300

150

Медициналық респираторлар

Дәріхана атауы

Қалдық

Бағасы

ТОО Лаб Сервис компани

57

2500

ТОО Чингиз

100

880

Кәсіпорын атауы:

Орналасқан жері

18.03.2020 жылы шығарылған өнім көлемі, дана:

Бағасы:

«Далатекс» ЖШС

Қызылорда қ.

12000

125

ЖК «ПромКомерцка»

Қызылорда қ.

3000

95/125

«Аска» ЖШС

Қызылорда қ.

1500

150/250

ЖК «Жадыра Құлмырза»

Қызылорда қ.

300

150

ЖК «Гүлжан»

Қызылорда қ.

400

100

ЖК «Бисариева Гүлзат»

Қазалы ауданы

200

200

Барлығы

 

17 400



НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 наурыз 2020 г. 327 0