Аймақ дәріханаларында медициналық маска жеткілікті ме?

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті күн сайын облыстың дәріханалық ұйымдарында медициналық маскалардың қалдығына мониторинг жүргізеді.
19.03.2020 жылғы жағдай бойынша дәріханалық ұйымдардағы медициналық маскалардың қалдығы 6000 дананы, медициналық респираторлар қалдығы 1000 дананы, дәке таңғыштың қалдығы 200 дананы құрайды.
Халық тарапынан жоғары сұранысқа байланысты медициналық маска тез өткізілуде.
ҚР ДСМ хаттамалық тапсырмасы бойынша департамент фармацевтикалық субъектілерге бір адамға 10 дана медициналық масканы сату туралы ұсыныс жасады.
Облыс дәріханаларында маскалардың бар-жоғына қатысты ақпаратты 23-82-92 нөміріне хабарласып, департамент мамандарынан білуге болады. Департамент өз құзыреті шегінде тек дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.
Медициналық маска медициналық бұйым болғандықтан, олардың бағасын реттемейді.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 наурыз 2020 г. 594 0