Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы халық көп шоғырланатын бірқатар нысанды аралап, елдегі төтенше жағдайға байланысты сақтық шараларын түсіндірді.
ХҚКО орталығынан бастап, сауда орталықтарын, емхананы аралады. Аралау барысында Нұрлыбек Машбекұлы нақты талаптардың орындалмау фактілері кездескенін баса айтты.
Тиісті сала басшыларына тапсырмалар беріп, оның орындалуы қадағалауда болатынын ескертті. Сондай-ақ, тұрғындар қала басшысына өздерін мазалаған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.