
Үстіміздегі жылы Қызылорданың «Қайсары» бірінші лигада ойнап, бірнеше тур бұрын Премьер-лигаға берілетін жолдаманы қалтаға басты. Доп додасы барысында жерлестеріміз жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетті. Әрбір ойында жанкүйер сенімінен шығуға күш салды. Соның нәтижесінде біздің команда ұпай қорын молайтып, турнир кестесінде көшбасшылық тізгінді қолға алды. Биылғы маусымда бірінші орын алып, қарсыластарынан көш бойы ұзап кеткен «Қайсар» енді келер жылы үздіктер қатарында бақ сынайтын болады.
Ертең, 1 қарашада сағат 18.00-де облыс орталығындағы Студенттер сарайында (облыс әкімшілігі ғимаратының жанында) «Қайсар» футбол клубы өз жанкүйерлерімен кездесу өткізеді. Шара барысында команданың Премьер-лигаға өтуіне байланысты шағын алтын медальмен марапаттау рәсімі жоспарланған. Футбол мерекесіне келіңіздер. Кіру тегін.