Қызылорда: жол апатынан үш адам көз жұмды

Қызылорда облысында жол-көлік апатынан үш адам көз жұмып, тағы бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz. 
Оқиға 4 наурыз күні сағат 00:30 шамасында «Қызылорда-Жалағаш» тасжолының Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылы тұсында болған. «Ваз-21214» маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Opel Vectra»-мен соқтығысқан. 
Салдарынан үш адам мерт болды, тағы бес адам зардап шекті. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді. 
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 
Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды.

 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 наурыз 2020 г. 971 0