Қызылордадағы айтыстың бас жүлдесі - Мұхтар Ниязовта

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған "Абай жолымен" атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. 
Аламан айтыста Бас жүлде "Айтыстың ақтаңгері" Мұхтар Ниязовқа бұйырды. Ал, І орынды Жансая Мусина иеленсе, ІІ орынды Әсем Ережеқызы, ІІІ орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Айбек Қалиев еншіледі.

Айта кетейік, сөз додасы "Nur Otan" партиясының және Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына  орай өткізіліп отыр. 

Оған Серік Құсанбаев (Өскемен қаласы), Айбек Қалиев (Арқалық қаласы), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қаласы), Әсем Ережеқызы (Нұр-Сұлтан қаласы), Аруна Керімбек (Ақтөбе қаласы), Жансая Мусина (Орал қаласы) Аян Ниязбек (Шымкент қаласы), Сұлужан  Тауболды (Алматы қаласы), Кенжебай Жүсіпов, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Бексұлтан Орынбасаровтар (Қызылорда қаласы) қатысты.


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 ақпан 2020 г. 788 0