« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Көптен бері қызылордалықтардың көкейінде жүрген «Қорқыт ата» әуежайын жаңарту мәселесі көп ұзамай шешімін таппақ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде биыл жолаушылар терминалы салынатынын облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ел алдындағы есепті кездесуде айтты.
– «Қорқыт Ата» әуежайының жолаушылар терминалын салу тұрғындар назарынан түспей келе жатқан мәселе екенін білемін. Жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асыру жоспарланып отыр, – деді аймақ басшысы.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлағандай, жобаға қатысушы жекеменшік әріптес ретінде «BI Group» компаниясына еншілес «BiGlobal» серіктестігі анықталды.
– Жобаның қатысушысы жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмысын бастап кетті. Құрылыс-монтаждау шаралары биыл басталады, – деді басқарма басшысы Ержан Әбдіхалықов.
2014 жылы «халықаралық» мәртебесін алған әуежайда ұзындығы 2700, ені 45 метр болатын ұшу-қону жолағы, рульдік жолдар, перрон мен әуе кемелеріне арналған тұрақ орындары бар. Алайда, қолданыстағы жолаушылар терминалы халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарына сай келмейді. Сондықтан сағатына 300 жолаушы қабылдай алатын 2 телескоптық пандусы бар 2 қабатты ғимарат салу көзделіп отыр. Тиісті ұйымдардың қорытындысы қолға тиген соң конкурстың екінші кезеңі өтеді.
Еліміздегі алғашқы лоукостер – «FlyArystan» компаниясының Қызылордадан әуе рейсін ашуы қызылордалықтарды қуантты. Екіжақты келісімшарт негізінде 16 наурыздан бастап – Алматы-Қызылорда-Алматы, 19 наурыздан кейін – Нұр-Сұлтан- Қызылорда-Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша күнделікті ұшақ қатынай бастайды. Ал 30 мамырдан бастап ресейлік «Аэрофлот» компаниясы Мәскеу-Қызылорда - Мәскеу бағытында аптасына 4 рет әуе тасымалын орындайды.
Назерке Саниязова.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |