Ге Хак Рим: Қазақ елінің біз үшін жақсылығы ұшан-теңіз

Қазақ КСР Ішкі Істер Халық Комиссариатының мәліметі бойынша 1937 жылы Қазақстанға 90 эшелонмен 20 789 отбасы, 98 454 корей ұлтының өкілдері көшіріліп әкелінген екен. Соның бір үлкен бөлігі Сыр бойына қоныстандырылды.

Мен ол кезде бар жоғы 11-12 жастағы бала едім. Осы уақыттан бастап Сыр өңіріндегі корей халқының тарихы басталды. Ол кездегі саяси-әлеуметтік жағ­дай­дың қазақ халқы үшін де оңай соқпай тұр­ғанын көзіммен көр­дім. Халықты құ­лаз­ытып кеткен ашар­шы­лық, халық жауы деген жал­ған айыптар тағылып, сая­си реп­рессиялардың жүр­­­гізілуі со­ның куәсі еді. Біздер де қазақ халқының құр­ме­тіне сай болу үшін елге, жерге деген ықы­­ла­сы­мызды білдіру мақ­­сатымен білек сыба­на еңбекке ара­лас­тық.

Әсі­ресе, күріш өсі­ру ша­руа­шы­лы­ғын­­да айтарлықтай же­тіс­тік­­тер­ге қол жет­кі­зілді. Осы ең­бек­­терімізді еле­ген бас­шылық облыс бой­ын­ша корей ұлты­­ның 28 азаматына Ең­­бек Ері ата­ғын бе­р­­ді. Бұл жергілікті ха­­лықтың кең пейі­лі­нен деп білеміз. Сыр бойын қоныстап, өркен жайған біз­дерге аға ұрпақ өкілдері атап айтсам, корей халқының ұлттық батыры Хом Бом До, ағартушы-ғалым Ге Бон У және т.б. үлгі-өнеге көрсетіп, қазақ халқымен бау­ыр­ластықтың жоғары дәрежесін көр­сет­­ті. Олар Алаштың анасына баға­лан­ған қасиетті мекенде мәңгілік паналарын та­буы да соның айғағы. Қазіргі таңда бізге ең қымбаты – ауыз­­бір­шілік, елдегі татулық. Бүгінде Қазақ хал­қының ықыласы мен дархан көңілінің ар­қасында көсегеміз көгеріп, өсіп-өніп жа­тырмыз. Басымызға күн туып, зұлмат күнді бастап кешкенде бауырына басқан елдің біз үшін жақсылығы ұшан-теңіз. 


Ге Хак Рим, 

«Қазақстан корейлер қауымдастығы»

Қызылорда облыстық филиалы

 ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 ақпан 2020 г. 370 0