«Аралтұз» ас тұзын өндіретін үшінші испандық цех салуға кірісті

Кварц құмын байыту бойынша биыл Қызылордада тау-кен байыту комбинатының бірінші желісі пайдалануға беріледі.

Бұдан басқа, жоғары қысымды шыны пластик желілік және сорғы-компрессорлық құбырларды шығару жобасы іске асады, - деп атап өтті облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов есепті кездесуде.

Өткен жылы «Аралтұз» АҚ тұз өндіру көлемін 25 процентке ұлғайтты. 2022 жылға қарай 700 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Кәсіпорын бүгінде қуаттылығы 120 мың тонна болатын ас тұзын өндіретін үшінші испандық цех құрылысына кірісті.

- Кальцийлендірілген сода өндіретін алғашқы зауыт құрылысының жобасын министрліктермен келісудің соңғы  кезеңі жүріп  жатыр. Өңдеу өнеркәсібін дамыта отырып, мұнай шығынынан болатын зардаптарды азайтып, болашақта оған өңірдің тәуелділігін төмендетеміз. Алайда, бұл бір жылдың жұмысы емес, – деді аймақ басшысы.


«СБ»-ақпарат.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 ақпан 2020 г. 417 0