Құрметті оқырман!

Өздеріңізге күнбе-күн ақпарат ұсынушы газет сайты жақын арада жаңа кейіпке енбек. Дүние дидары сағат емес, минут емес, секунд сайын түрленген уақытта заман ағымына ілесу шарт. Басылымның электронды нұсқасын қатар алып жүруіміздің мәні осында. Бүгінде тоқсанның төріндегі «Сыр бойы» газеті сайтының контингенті қа­лып­тасып үлгерді. Ондағы хабар-ошарды күніне 1500-2000 ша­масында оқырман іздейді, қарайды, оқиды.

Сайтты өздеріңізбен бай­ла­­нысты бұрынғыдан әрі арт­ты­ра түсу үшін өзгерткіміз кел­­ді. Сіздер әлеуметтік желі­лер­­дегі парақшаларымызға тір­ке­лу арқылы да әлем, ел және өңір тынысынан хабардар бола ала­сыздар. Одан бөлек, тәуір дүние­леріңіз бен назарға ілік­кен фото-видео­жазбаларды да ұсын­саңыздар, мар­хабат! Сауал­намамызға қатысып, ой-көзқарас білдіруге де мүмкіндік бар.

Ендеше, сіздерді syrboyi.kz сайты­ның жаңарған нұсқасында күтеміз!

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 ақпан 2020 г. 601 0