« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда облысы құрылыс қарқыны жөнінен республикада алдыңғы қатарда келеді. Ал аймақтағы аудандар ішінде Шиеліде де өнімді еңбек бар. Былтыр республикалық және облыстық бюджеттен 227 млн теңге бөлініп, аудан орталығынан 18 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй құрылысының жұмыстары басталды. Биыл сол үйлер пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Мемлекеттік «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан жаңа құрылыс нысандары Шиелі кентінің «Көкшоқы» шағын ауданында орналасқан. Жаздың алғашқы айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарын бас мердігер «СМП-Қызылорда» ЖШС жүргізуде.
Сонымен қатар республикадан тағы дәл осындай 4 тұрғын үйдің құрылысын бастауға 65 млн теңге қаржы бөлу мәселесі қолдау тапқан. Одан бөлек, аудан орталығындағы «Береке» және «Ақорда» шағын ауданынан салынатын, жалпы құны 1 млрд теңге болатын 3 бөлмелі 59 тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, республикалық және облыстық бюджеттік өтінімдер тапсырылыпты.
Осыдан төрт жыл бұрын «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында қаржы қаралып, кент аумағындағы «Береке», «Бәйтерек», «Ақорда», «Шұғыла» шағын аудандары және Алғабас, Ш.Қодаманов, Н.Бекежанов, Ы.Жақаев, Бидайкөл елді мекендеріндегі салынатын тұрғын үйлерге 280 шақырымнан астам инфрақұрылым желілері жүргізіліпті. Инфрақұрылым тартылған аумақтағы 2278 жер телімі кезекте тұрған аудан тұрғындарына берілген.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, тұрғындарға жер телімін беруде қарқынды жұмыс бар. 2018-2019 жылдары «Нұрлы жер» бағдарламасы негізінде орталықтағы «Шұғыла-2», «Шұғыла-3», «Шығыс-4» шағын аудандарына су және электр жүйесі тартылып, инфрақұрылым желілері жүргізілген. Аталған аудандарда 356 жер телімі кезекте тұрған тұрғындарға берілсе, биыл 610 жер телімі тағы табысталатын көрінеді.
Шиелідегі сүйіншілейтін маңызды жаңалықтың бірі – темір жол үстінен өтетін автомобиль көпірінің құрылысы. Биыл тұрғындар тарапынан аталған көпірді салу жөніндегі өтініштері орындалатын сыңайлы. Жалпы құны 645 млн теңгеге жуықтайтын көпір құрылысының жобасына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде дейді мамандар.
Ержан ҚОЖАСОВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |