Қазақстандағы алғашқы лоукостер - «FlyArystan» әуе компаниясы Қызылордада жақын арада билет сатылымын бастайды, - деп хабарлады облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
Facebook-тегі жеке парақшасында.
Осы орайда «Қорқыт Ата» әуежайы» АҚ аталған компаниямен өзара келісімшарт жасады. Соған сәйкес ұшақтар 16 наурыздан бастап Алматы-Қызылорда-Алматы бағыты бойынша күнделікті, ал 20 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан-Қызылорда–Нұр-Сұлтан бағыты бойынша аптасына 4 рет қатынайды.
Еске салсақ, бюджеттік әуе компаниясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес құрылды. Мұндай шешім ішкі нарықты толыққанды зерттеу мен бизнесті жоспарлау нәтижесінде, тез ауыспалы жергілікті және аймақтық әуе тасымалы нарығының салдарынан қабылданды.