« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |
Кеше Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрында құрылысшылардың кәсіби мерекесі аталып өтті. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сала мамандарын құттықтап, қажырлы еңбегімен дараланған үздіктерді марапаттады.
Кейінгі жылдары бүкіл елімізде құрылыс саласы айрықша қарқынмен дамып, ол ел экономикасының локомотивіне айналып отыр. Мұнда Сыр елі құрылысшыларының үлесі бары анық.
Облыс басшысы Қ.Көшербаев аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген мереке қонақтарына лебізін былайша өрнектеді: «Тәуелсіздік алған кезден бастап Елбасының сындарлы саясатымен құрылыс саласын дамытуда өзіндік жолымызды айқындадық. Бүгінде құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында ірі-ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, көз жауын алар зәулім ғимараттар салынуда. Осыншама ауқымды істер құрылысшы мамандардың кәсіби біліктілігі мен адал еңбектерінің арқасында ғана жүзеге асады».
Аймағымызда сәулет өнерінің үздік үлгісімен салынып жатқан ғимараттардың қатары көбейіп келе жатқанын жеткізген облыс әкімі Елбасының тапсырмасымен қолға алынған «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының іске асуы да осы мәртебелі мамандық иелеріне тікелей байланысты екендігіне тоқталды. Биылғы жылы өңірімізде 88 нысанның құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның 65-і биыл пайдалануға беріледі. Білім беру саласында 40 нысан салынуда. Жыл соңына дейін оның 32-сі ел игілігіне беріледі. Олардың 12-сі республикалық, 20-сы облыстық бюджет есебінен қаржыландырылған.
Әлеуметтік саланы жіктеп қарасақ, биыл 8630 орынды қамтитын 26 мектеп,
1210 орынды қамтитын 5 балабақша жас жеткіншектер игілігіне беріледі деп
күтілуде. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласы бойынша 21 нысанның құрылысы
қарқынды жүргізілуде. Бүгінге дейін 1 емхана мен 6 дәрігерлік амбулатория
пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 20 денсаулық сақтау нысаны толық
аяқталады.
Нақты кезеңде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 7 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңында тұрғын үйлерді қоса есептегенде облысымызда барлығы 167 нысан пайдалануға беріледі екен.
Аймақ басшысы Қызылорда қаласының сәулетіне сән беріп, ажарына ажар қосатын ғимараттар салып жүрген құрылысшы ағайынның құрметіне арналған салтанатты шарада сала үздіктерін марапаттады. Атап айтқанда, сала ардагерлері Әзиз Шоқбаров пен Тұрғанбай Әбілдаев, «Әбу-Сер» ЖШС учаске бастығы Құдайберген Иманахметов, облыстық құрылыс басқармасы құрылыс бөлімінің бас инспекторы Ілесбек Әлмаханов, «Арал құрылысы» ЖШС директоры Оразғали Құлмырзаев, «СМП-Қызылорда» ЖШС бөлім бастығы Рысалды Пікірбекова Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» құрмет белгісімен марапатталды. Ал, аталған Комитеттің «Құрмет грамотасы» мен облыстың «Құрмет грамотасына» және «Алғыс» хаттарға облысымыздағы бірқатар құрылыс компаниялары мен мемлекеттік мекемелердің мамандары ие болды.
Мереке соңы концерттік бағдарламамен өрілді. Онда «Қыран» тобы мен «Мереке» вокальды-аспапты ансамблі, сондай-ақ, еліміздің эстрада жұлдыздары Жеңіс Сейдоллаұлы, Жеңіс Ысқақова және облыс өнерпаздарды өнерлерін ортаға салды. Төл мереке осы күні кешкілік қалалық мәдениет және демалыс саябағында облыс құрылысшылары ассоциациясының ұйытқы болуымен өткен мәдени шараға ұласты.
« Шілде 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |