Қызылордалық соғыс ардагерлеріне 606 мың теңгеден беріледі

Қызылордада ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек беріледі. 

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлағандай, Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында тағайындалып отырған 600 мың теңгеден астам жәрдемақы ортамызда жүрген 20 ардагерге тиесілі. Одан бөлек, соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі мен әскери қызметі үшін орден-медаль иеленген 52 тыл ардагеріне 179 500 теңгеден төленеді. Тылда кемінде жарты жыл тер төккен еңбеккерлергее, қайтыс болған соғыс ардагерлерінің қайтадан некеге тұрмаған жұбайларына 100 мың теңгеден үлестіріледі. «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ның облыстық филиалы ұсынған тізімге сәйкес қаржы сәуір айынан бастап олардың есепшотына аударылады.

– Бүгінде қарт майдангерлер тобының Нұр-Сұлтан және Мәскеу қалаларында өтетін мерекелік шараларға қатысу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Осы мақсатта 4,9 миллион теңге бөлінді. Жүріп-тұру шығынын мемлекет көтереді, – дейді басқарма басшысының кеңесшісі Алтын Есқараева.

Назерке САНИЯЗОВА, 

«Сыр бойы».

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 ақпан 2020 г. 1 392 0