Бүгін Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінен «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру аясында салынған 18 пәтерлі көпқабатты жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
Салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Ергешбаев тұрғын үй кезегінде тұрған 36 отбасыға жаңа пәтерлердің кілттерін табыстады.Аудан басшысы тұрғын үйлерді халыққа беруде негізінен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік осал топ және көпбалалы отбасыларға басымдық берілгенін атап өтті.
Жаңа баспанаға ие болғандардың қуанышында шек жоқ. Олар аудан басшысына ақжарма тілектерін айтып, ризашылықтарын жеткізді. Ақ жаулықты аналар ақ батасын берді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі