Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі.Кеңейтілген отырыста Үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады.
Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің өткен отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері егжей-тегжейлі қаралды. Президент сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.
Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев инвесторларға қисынсыз талаптар қоятын әкімдерге ескерту жасап, «Парақорлыққа жол бермеу керек. Егер де осындай әрекетпен біреу байқалса, онда еңбегі мен жұмыс тәжірибесіне қарамастан, әкімдер тиісті жазасын алады. Бұл тұрғыда сіздерді алдын ала ескерттім деп түсініңіздер», - деген еді.