Білім саласындағы үздіктер анықталды

Қызылордадағы үш тілде оқытылатын мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебі жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде "Ең үздік қала мектебі" атағын иеленді. Бұл туралы облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.  

Жеңімпаз оқушыларды басқарма басшысы Майра Мелдебекова марапаттады. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 9, 10, 11 сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10, 11 сынып оқушылары білімдерін сынады. Басты мақсат - оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау.

Олимпиадаға 337 оқушы 13 пән бойынша қатысты. Үздік танылған 161 оқушы облыстық білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Білім сынында үздік командалар марапатталып, арнайы номинация иегерлері анықталды. Олардың қатарында
І дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда - 2020» - №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты, ІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда - 2020» - Қызылорда қаласы, ІІІ дәрежелі «Ең үздік олимпиадалық команда - 2020» - Қармақшы ауданы лайық деп танылды.

Ал, «Ең үздік қала мектебі - 2020» - Үш тілде оқытылатын мамандандырылған сыныптары бар «Мұрагер» мектебі, «Ең үздік ауыл мектебі - 2020» - Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицейі, «Олимпиада жұлдызы - 2020» номинациясымен №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Ким Артем марапатталды.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қаңтар 2020 г. 405 0