Жазылғаннан ұтылған жоқпыз

Аға буын өкілдеріне бүгінгі «Сыр бойы» газеті көзіне оттай басылатыны ақиқат. Өзі­нің тоқсан жылдық дәуірінде талай белестерден өтті. Кең қауымның ақылшысы болды. Ке­леңсіз көріністерді дер ке­зінде көтерді, жаңа бастамалардың жаршысына айналды. Бұл жайлар тоқсан жылдық шежіреде баяндалды.

Кезінде жазушы Нәсіреддин Сералиев, Қом­шабай Сүйенішев, Сақ­тапберген Әлжіков, Дархан Сапаровтардың танымдық дүниелерін құ­марта оқығанбыз. Ақын Асқар, Қуаныштардың бір - біріне деген сыйластығына тамсан­ғанбыз, таңдай қаққанбыз.

Біз бүгінгі «Сыр бойының» әр санын асыға күтіп, бойымызға қуат жинаймыз, ләззат аламыз. Неге дейсіз ғой, қазір басылымның келбеті өзгерген, тартымды, танымдық дүниелер мол қамтылады. Жас толқындар Назерке, Дәулет, Айдана, Ержан, ақын Дүйсенбектердің жазған дүниелері бейжай қалдырмайды, қалам сілтесінде жаңашылдық үрдіс бар.

Мен жиырма жылдан бергі басылымның оқырманымын. Әр жыл­дардағы жазылу науқаны кезінде өз әріптестерімді біркісідей жазылуға бел­сен­ділік танытатын шақыру дәстүрі қалып­тасқан.

Біз отбасымызбен басылымды оқимыз, пікір алмасамыз. Тәуір дүниелерді насихаттаймыз. Облыс тынысы, кәсіпкерлер еңбегі жайында мағлұматтарға қанығып ғана емес, кеңес алар дүниелерді ойға түйіндейміз.

Отбасымызбен тү­гелдей кәсіп­кер­міз. Ал мен бәрінің ақыл­шысымын, кеңесшісімін.

Сыр өңірінде кәсіп­керлерді да­мытуға, оларға жол ашуға кең мүм­кіндік туған. Содан  болар облыс республикада көш басында тұр.

Облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъек­тілердің саны елу мыңға жуықтап тұр. Бұл көп адамның еңбек етуіне жаңа мүмкіндік туғызады.

Бүгін өзімнің бауыр басқан «Сыр бойына» деген шынайы ықы­ласымды білдіруді парыз тұттым. Басылымға жазылғаннан ұтылмайсыз, оқырман! Әр кезде қапы қалмаңыз. Ал, біз жыл сайын жазылғаннан ұтыл­ған жоқпыз. Өйткені, байырғы басылым біздің кеңесшіміз болды. Сондықтан кәсіп­керлер қауымына атсалы­сыңыздар дегім келеді.

Жаңабай ҚУАНОВ,

кәсіпкер.

Қызылорда қаласы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қаңтар 2020 г. 364 0