Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Жаңа 2020 жылмен құттықтауы

    Қымбатты отандастар!
Аз ғана уақыттан кейін Жаңа 2020 жыл табалдырығымыздан аттайды.
Бұл – баршамызға жайдары көңіл-күй мен зор үміт әкелетін айрықша сәт.
Тарихымыздың төрінде екі жылдың тоғысқан сәтінде айтылатын ақ тілектің орны бөлек.
Әрбір азамат, әрбір шаңырақ Жаңа жылдан жақсылық күтеді. Бұл – табиғи дүние.
Біздің бүгінгі басты бағытымыз – Жаңғыру жолы.
Баршаға қуаныш сыйлайтын Жаңа жыл мейрамы осы мақсатпен үндеседі.
Өтіп бара жатқан 2019 жыл еліміз үшін аса маңызды оқиғаларға толы болды.
Қазақстан тарихи дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
Тұңғыш Президент, мемлекетіміздің негізін қалаған ұлы тұлға, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық жолы сақталды.
Халқымыз Президент сайлауында маған зор сенім артты. Осы орайда, қолдау көрсеткен азаматтарға және бүкіл халыққа шынайы ризашылығымды білдіремін.
Бүгінде әлемдегі тұрақсыздыққа қарамастан экономикамыз орнықты дамып келеді.
Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін нақты шараларды жүзеге асырдық.
Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын, зейнетақыны, жәрдемақыны және студенттердің стипендиясын көбейтетін болдық.
Әлеуметтік жағдайы төмен адамдарға қолдау көрсету үшін біз бұрын-соңды болмаған бірегей шешім қабылдадық. Соның арқасында 500 мыңнан астам борышкердің қарызы айтарлықтай азайды.
Шағын және орта бизнесті қолдау үшін теңдессіз шаралар қабылдадық. Жаңа жұмыс орындары ашылатын болды.
Мен ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қоғамымыздың дамуына жаңа серпін беруі қажет.
Халық пен билік арасындағы диалогты күшейту үшін маңызды реформаларды ұсындық.
Бұл бастамалар ынтымағымызды арттыруға бағытталған.
Татулық – ата-бабалар өсиет еткен қасиетті ұғым.
Сондықтан, татулық пен бірлікті көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
Біз білімі озық, ойы ұшқыр жастарға жағдай жасап, жол ашамыз.
Осыған орай, «Президенттік кадр резерві» жасақталды.
Биыл Арыс қаласындағы төтенше оқиға кезінде халқымыз мызғымас бірліктің үлгісін көрсетті. Мен халқымызды мақтан тұтамын.
Біз кез келген сыннан сүрінбей өтіп, зор табысқа бірге жетеміз деп сенемін.
Келесі жылы Конституциямыздың
25 жылдығын
атап өтеміз.
Ұлы даламыздың даңқты тарихын жан-жақты дәріптеуге ерекше көңіл бөліп келеміз.
Абайдың, Әл-Фарабидің мерейтойларына дайындық жұмыстарын бастадық.
Алтын Орданың 750 жылдығын мемлекет деңгейінде атап өтетін болдық.
Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына ширек ғасыр толады.
Тиісті іс-шаралардың барлығын ысырапшылдыққа жол бермей, мазмұнды ой тудыратын деңгейде өткіземіз.
Мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан тың бастамалардың бәрі ел игілігі үшін жасалып отыр.
Оң өзгерістер жаңа 2020 жылда лайықты жалғасын табады. Дегенмен, сын-қатерлер аз емес. Сондықтан, біз еліміз үшін, халқымыз үшін адал қызмет етуіміз керек.
Халықтан биік, халықтан жоғары тұрған ешкім де, ештеңе де жоқ.
Қазақстан дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосылуы қажет.
Біз үшін бұдан басқа тура жол жоқ.
Біз 2020 жылды Еріктілер жылы деп жарияладық. Бұл игі істердің бастауы болады.
Мұндай шаралар қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайту үшін керек.
Келесі жылы халқымыз жағымды жаңалық пен қуанышты сәттерге кенеле берсін!
Жаңа жыл әрбір азаматқа, әрбір отбасыға бақ-береке әкелсін!
Отанымыз – Қазақстан өркендей берсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Уважаемые казахстанцы!
Всего несколько минут остается до наступления 2020 года.
Встреча Нового года – это всегда радостное событие, момент искреннего единения близких людей, которые делятся друг с другом хорошими воспоминаниями и добрыми пожеланиями.
2019 год стал историческим для нашей страны. Была подтверждена преемственность стратегического курса Отца-основателя современного Казахстана, личности исторического масштаба – Елбасы Нурсултана Абишевича Назарбаева.
Казахстан вступил в новый этап своего развития. Как Президент нашего государства в полной мере осознаю всю ответственность за его будущее.
Выражаю сердечную благодарность казахстанцам, отдавшим свой голос за меня в ходе президентских выборов, и всем гражданам, проявляющим искреннюю заботу о будущем нашего Отечества!
Наш народ вновь показал всему миру свою мудрость, единство и приверженность демократическому выбору.
В течение полугода было сделано немало.
Приняты решения об увеличении заработных плат, пенсий и пособий, а также стипендий студентам. Снижена долговая нагрузка более 500 тыс. нуждающихся граждан.
Принимаются решительные меры по поддержке малого и среднего бизнеса, открываются новые рабочие места.
Начата реализация концепции «слышащего государства».
Мной принят ряд решений, направленных на дальнейшую модернизацию и демократизацию страны.
Несмотря на разные мнения, мы единая нация. Мы должны беречь как зеницу ока народное единство, завещанное нашими великими предками.
Нам предстоит большая, сложная работа по законодательному обеспечению важных реформ.
Серьезная трансформация ожидается в правоохранительной и судебной системах.
Для нового поколения способных управленцев открываются хорошие перспективы путем формирования Президентского кадрового резерва.
В 2020 году без помпы и излишеств предстоит отметить знаменательные даты, которые важны для укрепления нашей государственности.
Это 25-летие Конституции, юбилеи великого поэта и философа Абая, выдающегося ученого и мыслителя
аль-Фараби.
Мы также отметим 75-летие Победы в Великой Отечественной войне.
2020 год объявлен Годом волонтера. Каждый из нас сможет принести пользу окружающим людям и всему обществу. Следующий год должен стать годом добрых дел.
Дорогие соотечественники!
Государство не может считаться успешным без благополучия его граждан.
В новом году мы будем упорно трудиться на благо нашей Родины.
Мы должны прилагать усилия, чтобы в нашей стране были созданы все условия для самореализации казахстанцев.
Мы строим государство, в котором мнение каждого ответственного гражданина учитывается в полной мере.
Государство, в котором никто не останется без внимания, особенно нуждающиеся.
Государство, в котором царит справедливость, обеспечивается равенство возможностей для всех категорий граждан.
Кому-то это все покажется утопией.
Но дорогу осилит идущий.
Вместе мы сила!
Бірлік бар жерде – тірлік бар.
Уверен, вместе мы обеспечим благополучие всех граждан нашей страны.
Желаю всем казахстанцам здоровья, счастья, оптимизма и успехов!
С Новым годом!
Жаңа жыл құтты болсын!


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қаңтар 2020 г. 392 0