Жетістігіме жерлестерім бірге қуанды

Элизабет ТҰРСЫНБАЕВА,
спортшы, мәнерлеп сырғанаудан әлемнің күміс жүлдегері,
Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, спорт шеберлігіне үміткер:
– Тарих сахнасынан түсіп бара жатқан жыл менің есімімді спорт тарихына жазып қалдырды. Әлемнің мәнерлеп сырғанаушылары арасынан тұңғыш рет төрттік салх әдісін жасау арқылы дараландым.
Осы жылы бірден 3 ұлттық сыйлықтың иегері болдым.
«Халықтың сүйіктісі – 2019» сыйлығы, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығы, «Алтын самғау – 2019» ұлт­тық спорт сыйлығы деген мәртебелерді егелендім. Мұнан басқа «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» атандым. Бұл таңдау халықтың дауыс беруі арқылы ­жасалды.
Менің барлық жеңістеріме жерлестерім өзіммен бірге қуанды. Қызылорда облысының әкімдігі әр уақытта демеу жасап, қанаттандырып отырды. Сол үшін Сыр елі халқына басымды иемін.
Жаңа жыл құтты болсын. Еліміздің жарқын болашағы үшін еңбек етіп жатқан Сыр жұртшылығына жаңа табыс­тар, игі жақсылықтар тілеймін.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қаңтар 2020 г. 728 0