Мұқтажға қамқор болған жыл

Райкүл Байназарова,  

облыстық білім және ғылым 

қызметкерлері кәсіподағының 

төрайымы, облыстық 

мәслихат депутаты:

                – Өтіп бара жатқан жылдың атап айтар жаңалығы жетерлік. Қай салада болмасын айтулы жетістіктер қуантады. Облыстық мәслихат депутаты ретінде айтсам, биылғы жылы қаралған маңызды мәселелердің бірі – 2002 жылы қабылданған «Кемтар балаларға арналған әлеуметтік, педагогикалық-медициналық қолдау» заңының орындалуы. Бұл заңның қабылданғанына 17 жыл болса да, әлжуаз балаларға қамқорлық жүйелі түрде жүзеге аспаған болатын. Қараша айында облыстық мәслихат сессиясында осы мәселе қаралып, жол картасы қабылданды. Мұнда аталған топтағы балаларға медициналық, білім беру және әлеуметтік қолдау бойынша нақты жұмыс бағыты және 5 жылдық қаражаты бекітілді.

Мұнан бөлек, аймақты спорттық нысандармен қамтамасыз ету бойынша зерттеу жүргізіліп, нәтижесінде облыста 5 спорт нысанының құжатын жасауға қаржы бөлініп, алдағы жылы құрылысы басталады. Сондай-ақ, келер жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде мәдениет және спорт нысандарының саны арта түспек. Тағы бір атап айтарлығы, келер жылы бірқатар мектеп пайдалануға беріледі.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қаңтар 2020 г. 738 0