« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақов Арал ауданында жұмыс сапарымен болды. "Aral" қонақ үйінің ашылу рәсіміне қатысып, аудандық оқушылар үйінің құрылыс жұмыстарының барысымен, "Sulpak" сауда орталығының және ЖК "Жалғасбеков Талғаттың" жол бойғы қызмет көрсету кешенінің де жұмысын көрді.
"Aral" қонақ үйі 540 млн. теңгеге «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында салынған. Қонақ үйде 33 жатын бөлме,
кафе, мәжіліс зал, шағын кездесу бөлмесі қарастырылған. Нысан жеке кәсіпкердің қаржысына салынған. Сол арқылы 40 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Аймақ басшысы жаңа нысанның ашылуында аудан экономикасының дамуына, сәулетіне үлес қосып отырған жоба басшылығына алғысын айтты.
"Аймағымызда құрылыс жұмыстары жылдан-жылға қарқынды дамып, кәсіпкерлеріміз халықтың қажеттілігін қамтамасыз ететін орындарды көптеп ашып, соның нәтижесінде жаңа жұмыс орындары да құрылуда. 2018-2020 жылдар өңірімізде жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланғаны белгілі. Соның екі жылында шағын және орта бизнес өкілдері көптеген ғимараттар салып, жаңа жұмыс орындарын ашып, облыстың көркеюіне үлес қосып келеді. Бүгін, міне, сондай игі істердің бірі – күрделі жөндеуден өткен, заманауи үлгідегі "Aral" қонақ үйі пайдалануға беріліп отыр. Қала тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет көрсетуді мақсат етіп, қолайлы әрі жайлы жағдайлар жасалған осындай нысандарды көбейтудің маңызы зор",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Аймақ басшысы Қуанышбек Досмайылұлы "Aral" қонақ үйінің ашылуынан кейін аудандағы бірқатар нысандарды аралады.
Аудандық оқушылар үйі 1940 жылы салынған ескі ғимаратта жұмыс істеп келген. "Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ тапсырмасымен жаңа аудандық оқушылар үйінің құрылысы басталған. Орталық 250 адамға лайықталған.
Наурыз айында Арал ауданынан тұрмыстық техника сататын " Sulpak " дүкені ашылған болатын. 30 аса адамды жұмыспен қамтып отырған сауда орталығының құны 110 млн. теңге.Облыс әкімі кәсіп ашып, халықты жұмыспен қамтуға , өңір экономикасын дамытуға үлес қосқысы келетін барша кәсіп иелеріне жергілікті билік тарапынан қолдау көрсетілетіндігін айтты.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойындағы «С» және «Д» санатты жол бойы сервистік қызмет көрсету кешенінің құрылыс жұмысы наурыз айында басталған. Жеке кәсіпкер қаражатына салынған аталмыш кешеннің аумағы 600 шаршы метр. Жобаға сәйкес май құю бекеті, қонақ үй, сауда дүкенінің құрылыстары жүргізілуде.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |