Қызылордалықтар Сейілбек Шаухамановты еске алды

Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен Мемлекет және қоғам қайраткері С.Шаухаманұлының 80 жылдығына арналған «Қарымды қайраткер. Талантты тұлға. Абыз ақсақал» тақырыбында облыстық ғылыми-танымдық конференцияға ұйымдастырылды.
Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Сыр өңірінің алғашқы әкімі болған мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухаманұлы Шаухамановтың 80 жылдығына орай еске алу мақсатында туған жері Жаңақорған мен Шиелі аудандарында шаралар ұйымдастырылып, облыс орталығында облыстық ғылыми-танымдық конференциямен жалғасты.
Конференцияда аймақ басшысы Қызылорда облысының дамуына ерекше еңбек сіңірген тұлға, асыл азамат, мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухамановты еске алып, сөз сөйледі.
«Сейілбек Шаухаманұлы тек ірі деңгейдегі басшы, мемлекет қайраткері ғана емес, ұлт жоқшысыда бола білген қабырғалы қайраткер. Ғибратты ғұмыр иесі Сыр елінің өркендеуіне, жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеуге зор үлес қосып, өзі ғана емес, ардагерлерді де осыған жұмылдырып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан еді. Сейілбек Шаухаманұлы еңбек жолын қатардағы инженерден облыстың бірінші басшысына дейінгі жауапты қызметтерді абыроймен атқарған тау тұлға болған. Құрметті конференцияға қатысушылар мен қонақтар! Бүгінгі мәртебелі жиында Сыр елінің кемеңгер ұлы, қажырлы қайраткер Сейілбек Шаухаманұлының тұлғалық тұрпаты, болымды болмысының сан қырлары кеңінен ашылып айтылады деп сенемін. Конференция жұмысына сәттілік тілеймін!», - деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Сонымен қатар, шараға республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі төрағасының бірінші орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбаев, Сейілбек Шаухаманұлымен қатар жүріп, қызметтес болған замандастары, облыс ардагерлері, жұбайы Жұпаргүл Сматқызы және балалары, қалалық, аудандық аргарелер кеңестерінің төрағалары, сала басшылары, кәсіпкерлер қатысып, С.Шаухамановтар туралы естеліктерін айтты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 желтоксан 2019 г. 369 0