Бүгін облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қ.Ысқақов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға 34 адам келді. Азаматтардың көтерген негізгі мәселелері тұрғын үй, әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту салаларына қатысты болды.
Сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауында көп балалы аналардың да мәселелері қаралып, аймақ басшысы қала әкімі мен сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Айта кету керек, келген азаматтардың өтініштері тек заң аясында шешілетін болады.