« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазір қаржы институттары клиент шақырудың түрлі тәсілін меңгерген. Бірі несие рәсімдеуде жеңілдік жасаса, екіншісі процентін төмендетеді. Тағы бірі қағазбастылықтан арылып жатыр. Ал «Банк Хоум Кредит» клиенттері жаңа жылды Египет сапарынан бастамақ. Бағы жанғандар жолдама ұтып, жолға дайындалуда. Банк ұжымы Қызыл теңіз жағалауына жолдамалы болғандарды арнаулы ұшақпен жеткізуді жоспарлап отыр.
Жолы болып, жолдамаға қол жеткізгендердің қатарында қызылордалықтар да бар. Екі жолдамағаие болған Жанат Қоянбаева мен Салтанат Кешубаева фараондар мекеніне қытымыр қыстың қақ ортасында аттанбақ. Олар әлі күнге сәттіліктің серік болғанына сене алар емес. Оның үстіне, «Бәрі қосылған» жүйесі бойынша жылы мекенге сапар шегеді.
– Қараша айында қайын енеме ұялы телефон алмақ болдым. Осы мақсатта «Банк Хоум Кредит» арқылы несие рәсімдеу қажеттігі туды. Теңізге саяхаттың жолдамасын ұтып аламын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Маған қоңырау шалып, сүйінші жаңалықты хабарлағанда абдырап қалдым. Сенер-сенбесімді білмедім. Рас екеніне көз жеткізгенде қатты қуандым. Біз отбасымызбен қуандық. Жолдасым екеуміз бірге қыдырып баратынымызды естіген анамыздың да қуанышында шек жоқ. Құдды бір екінші бал айына бара жатқандаймыз. «Банк Хоум Кредит» клиенттерге осындай жағдай жасағаны үшін алғыс білдіремін, – дейді С.Кешубаева.
Ұтыс иелерін тосын сандар анықтайды. Қатысу үшін бар болғаны банктің клиенті болу керек. Айта кетейік, қазақстандық нарықта бұл банк көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әлем бойынша тұтынушылық несиелендіруде көшбасшылардың қатарында және Ресей, Қытай, Үндістан, АҚШ тәрізді алпауыт мемлекеттерде де өз жұмысын жандандырған.
Жолдамаға қол жеткізгендердің бірі – қазалылық Жанат Қоянбаева. Ол банк қызметін көптен бері тұтынып келеді. Бұған дейін теңіз жағалауындағы саяхатты тек ойлап қана келген аудандық емхана қызметкері арманның орындалатынына сенеді.
– Бұл мен үшін күтпеген сый болды. Маған банк қызметкері хабарласып, мән-жайды жеткізгенде сенбегенім рас. Дереу олар айтқан сайтқа кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірімді тердім. Ал онда екі адамға жолдама көрсетілген. Қуанышымда шек болмады. Банк бөлімшесіне барып, сертификатымды алдым. Жолға шығуға әлі біраз уақыт бар, бірақ көңіл-күй көтеріңкі, – дейді Ж.Қоянбаева.
Ұтыс ойыны жалғаса бермек. Әлі ондаған отандасымыз осындай жолдамаға ие бола алады. Әрине, технология өзі таңдайды, ал қатысушы банк базасында тұрған кез келген клиент болуы мүмкін. Алдағы жылдың 3 қаңтарына дейін жеңімпаздар саны арта бермек.
«Банк Хоум Кредит» жолы болған жандардың саяхатының барлық шығынын өз мойнына алады. «Ұшқыр отбасы» акциясы жайлы толық мәліметті letisnami.kz. ресми сайтынан білуге болады.
Дәулет ҚЫРДАН,
«Сыр бойы».
(ҚР Ұлттық Банктен 2016 жылдың 11 қаңтарында №1.2.36/40 лицензиясы берілген)
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |