«Менің әлемім» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, белгілі тележурналист, ақын Қаршыға Есімсейітованың 60 жасқа толуына арналған «Менің әлемім» атты шығармашылық кеші өтті.
Шығармашылық кешке қатысқан журналист әріптестері мен Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері құттықтауларын жеткізді. Сонымен бірге ақынның "Менің әлемім" атты кітабының тұсауы кесіліп, оқырмандарына жол тартты.
Қаршыға Есімсейітова «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Қазақстан мектебі» журналында, Республикалық халық шығармашылығы орталығында, Қазақ радиосының балалар мен жастар редакциясында қызмет еткен. Қазір «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының редакторы. «Таңбалы тас», «Қорқыт», «Мұстафа Шоқай», «Сыр өңірінің тұлғалары» атты сериялы деректі фильмдердің авторы. Республика баспасөзінде өлеңдері 1978 жылы тұңғыш жарияланды.
1986 жылы «Қарлығаш» ұжымдық жинағына өлеңдері енген. 1994 жылы «Аңсаған атамекенім» атты кітабы жарық көрді. 1997 жылы Журналистика саласындағы еңбегі үшін Журналистика академиясының «Алтын жұлдызын» иеленген.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 желтоксан 2019 г. 624 0