« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Тұтас әлем көз тіккен Ақтөбедегі байрақты бәсекеде Сырдың палуан ұлы Нұрым Сәлімгереевтің бағы жанды. 100 келіде сынға түскен жерлесіміз Әлем чемпионы атанды. Тартысты өткен бәсекеге 40-тан астам мемлекеттен 200 палуан қатысып, 9 салмақ дәрежесінде күш сынасты.
Бұған дейін қазақ күресінен ел чемпионаты Қызылордада өткен. Түйе палуандар белдесуінде көрермен ауық-ауық Нұрымды іздеді. Спортшыны жарақатына байланысты шыға алмайды деген соң көпшілік алаңдаған. Бүгінгі әлем чемпионаты Нұрымның сол сәттен өзін дайындап жүргенін байқатқандай болды.
– Мен үшін қарсыластың ең қиыны ирандық пен грузин болды. Жаттықтырушы үйреткен техникалар мен әдіс-тәсілді барынша салдым. Сәтін салып, Әлем чемпионы атандық. Бұл жеңіс төгілген тердің, тынымсыз еңбек пен үздіксіз ізденістің арқасы. Алда әлі мақсат көп, – дейді чемпион.
Қазірдің өзінде Нұрым Сәлімгереев оқу-жаттығу жиындарында жүр. 2020 жылы Әзербайжан, Моңғолия, Грузия, Армения, Өзбекстан мемлекеттерінде жаттығу өтеді. Онда дайындықпен қатар жолдастық белдесулер болатын көрінеді.
– Менің арманым Әлем чемпионы болу еді. Бір ерекшелігі, ол тәуелсіздік күнінде орындалды. Ендігі жерде көкте желбіреген байрағымызды төмен түсірмесек деймін. Қанша дегенмен, тек жалғыз өзіңнің емес, тұтас елдің атынан шыққасын қазаққа ортақ абырой. Мен үшін бастысы осы болды. Көк туым биіктеген сайын бойымды бір алапат күш билеп, кеудемді мақтаныш сезімі кернеді. Бұл – тәуелсіз қазақ елінің жеңісі, – дейді Нұрым Сәлімгереев.
Ақтық сында грузиялық Давид Лориашвилидің жауырынын жерге тигізіп, айқын жеңіске жеткен жерлесіміз ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері нормативін орындады.
Жеңісті күнің көп болсын, Нұрым!
Дәулет ҚЫРДАН.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |