« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыстағы бірқатар озық кәсіпорын сапа саласындағы жетістігі үшін Президенттің «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын иеленді.
«Алтын сапа» сыйлығының «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша – «СКЗ-U», «Азық-түлік тауары және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Мағжан және К» компаниялары марапатталды.
«СКЗ-U» серіктестігі инновациялық серпінді жобаны жүзеге асырып келеді. Ондағы мақсат – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға қарасты уран шығаратын кәсіпорындардың күкірт қышқылына қажеттілігін қанағаттандыру.
Күріш өсірумен айналысатын «Мағжан және К» ЖШС Сырдария ауданындағы Н.Ілиясов ауылы тұрғындарының 55-60 процентін жұмыспен қамтып отыр. Ал өнімін елімізден бөлек, Ресей, Украина, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан нарығына таратады.
Әлемде сапаға берілетін 70-тей сыйлық түрі бар. Оның тарихы 1880 жылдардан басталады. Ал Қазақстан Президентінің «Алтын сапа» белгісі – 2006, «Парыз» сыйлығы 2008 жылдан беріле бастады. Биылғы байқауға ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген 600-ден астам кәсіпорын қатысты. Оның 65-і аталған сыйлықтарды иеленді.
Үздіктер қатарында нарықтық экономикада серпінді күшке ие «Абзал және К» компаниясы да бар. Ол «Парыз» сыйлығының «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша алтын жүлде алды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында серіктестік биылдың өзінде 54 жаңа жұмыс орнын ашты. Осылайша 400-ден астам адамды еңбекпен қамтып отыр. Соңғы жылдары Сырдария ауданының Н.Ілиясов ауылын дамыту үшін 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған.
Отандық өнімді экспорттаушылар арасында «Абай Дәулет» ЖШС «Ұлы дала елі» брендіне ие болды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы тағайындаған сыйлық тауар өндіруші немесе қызмет көрсетушіге аталған брендті 5 жыл бойы жарнамалық мақсатта қолдану құқығын береді. Ал күріш шаруашылығындағы үздік кәсіпорын директоры Мұрат Сәрсенбаев республикалық «Жомарт жүрек» байқауында «Жыл меценаты» номинациясы бойынша марапат биігінен көрінді. Ол, сондай-ақ, Президент Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, еліміздің жан-жақты дамуына, халықтар достығы мен ынтымақтастығын нығайтуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
Назерке Саниязова.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |