« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Тәуелсіздік – қазаққа келген құт. Осы құтты дүние орнап, қазақ азаттығын алған кезде қай салада болмасын жаңашылдық орын алды. Елім деп еміренген ел ағалары тың істерге серпін берді. Бүгінде жас буын соның жемісін көруде. Гүлбақыт Ізім солардың қатарында. Жалынды жас қазір ұлттығымыздың нышанын асқақтатып, қазақылығымызды дәріптеп жүр. Биыл сүйікті ісін кәсіп көзіне айналдырып, қала орталығынан «Izimfashion» ательесін ашты.
– Ата-анам бұрындары өз бетіңмен қандай да істі игеріп әкету қиын болғанын, ал қазір ел көркейіп, кәсіпкерлік өрісі кеңейгенін, халықтың жағдайы әлдеқайда жақсарғанын қуанышпен айтып отырады. Бір жағынан, тәуелсіз ел атанып, жаңа өмір бастаған Қазақстанмен бірге өсіп-өркендеу бізге үлкен сынақ деп білемін.
Себебі, еліміз басынан түрлі оқиға кешті. Осы кезеңдерді еңсеріп, іргесі берік, ынтымағы мықты, саяси тұрақтылығы жоғары мемлекет екенімізді дәлелдедік. Егемендіктің жасампаз көріністері қоғамдық өміріміздің қай саласында да өзіндік айшығымен аңғарылуда. Мемлекет тарапынан барлық салаға қолдау артқан. Жастардың да әрбір бастамасы елеусіз қалып жатқан жоқ. Тек осы жауапкершілікті сезініп, өзімізге жүктелген сенім үдесінен шығу қажет, – дейді ол.
Бүгінде Гүлбақыт жұртшылықты әсем дүниелерімен таңғалдыруда. Ұлттық дәстүрдің парқын білетін шебердің бос уақыты аз, тапсырысы көп. Қолы қалт етсе, тігін мәшинесіне отырады. Еуропалық киімдерді өзіміздің ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендіріп, жарыққа шығарады, кәдесый, қыз жасауын дайындайды. Сән үлгілерін құлпыртып жасауға ниетті. Шеберлігінің жоғары дәрежеде болуы өз алдына, осы өнерді одан әрі дамытып, жетілдірсем дейді. Кәсібін түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы дамыту ойында бар. Тігіннің қыр-сырын үйрететін оқу орталығын ашуды жоспарлап отыр. Бұған облыстық жастар форумында аймақ басшысы тілектестік білдіргенін айтады.Иә, жүрек қалауымен атқарылған істің қайтарымы болатыны сөзсіз. Гүлбақыт та еңбектің еселеніп, оның игілігін көретін күн алыс емес екеніне сенеді.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |