« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Құрметті қызылордалықтар!
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді еліміздің ең басты ұлық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды және әлемдік аренадағы ұстанымды берік бекітіп, бірлік пен гүлденудің символына айналды. Бұл күн – ата-бабаларымыздың сан ғасырлық армандары орындалған Ұлы күн.
Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен Тәуелсіздік жылдары Қазақстан мемлекеті үшін бірігу мен құрылу, жетістікке жету мен мақсатты идеялардың жүзеге асу кезеңі болды! Бұл – жеңіс пен жетістіктің, қалыптасу мен өзін-өзі дамытудың жарқын жолы. Ал, тұрақтылық пен қоғамдық келісім, жауапты сыртқы саяси бағыт республиканың халықаралық беделінің өсуі үшін сенімді негіз болды.
Тәуелсіздік жылдарында біз көптеген қиындықтарды бастан өткердік, терең жолдан өттік, мықты және гүлденген елге айналдық, орнықты дамуға және әлем мойындайтын дәрежеге қол жеткіздік.
Біз бүгінде Қызылорда облысын даму қарқыны өте жоғары өңірлердің қатарына кіретінін мақтанышпен айтамыз.
Өңір экономикасына салынатын инвестиция көлемі өсуде. Әлеуметтік сала, тұрғын үй құрылысы белсенді дамуда. Тек соңғы 3 жылда өңірде 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.
Шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы дамуда. Биыл облыс күрішшілері әр гектардан 60,3 центнерден өнім жинап, 530 мың тоннадан астам күріш салысы қамбаға құйылды. Осылайша, Сыр диқандары жаңа рекордқа қол жеткізді. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының арқасында өңірде 24 индустриялық жоба жүзеге асырылды, соның нәтижесінде шикізаттық емес экспорт көлемі соңғы жылы 52% - ке артты.
Құрметті жерлестер!
Тәуелсіздік жылдарында біз кемелденіп, аяғымызға нық тұрып келеміз. Біз өз тарихымызды есте сақтап, өткенді бағалап, мемлекеттегі оң өзгерістер мен саяси тұрақтылықты көре білеміз. Алдағы уақытта да ең басты құндылықтарымыз – халықтың бірлігі, бейбітшілік пен келісімді нығайта береміз.
Бұл мереке біздің Отанымыз үшін, болашақ ұрпақтың игілігі үшін мақсаттарға жетуімізге әрдайым күш-жігер және сенімділік берсін!
Алда бізді жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін!
Баршаңызға жақсылық, зор денсаулық, отбастарыңызға бақыт және молшылық, жаңа жетістіктер мен сәттілік тілеймін.
Тәуелсіз Қазақстанның бірлігі мен татулығы бекем болсын!
Тәуелсіз Қазақстанымыз өркендей берсін!
Құрметпен,
Қызылорда облысының әкімі
Қ. Ысқақов.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |