Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Өтегенова Гүлмира Сейітбекқызы тағайындалды.
Гүлмира Сейітбекқызы 1966 жылы туған. Қарағанды кооперативтік институтын «тауартанушы», Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Жалағаш аудандық тұтынушылар одағының тауартануды ұйымдастырушысы болып бастаған.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап осы кезге дейін Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.