« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда қаласының Титов шағын ауданындағы индустриялық аймақта қызу жұмыс жүріп жатқанына біраз болды. 270-тей адам қазір шыны зауытының құрылысын аяқтау үшін аянбай еңбек етуде. Ол іске қосылған соң 230 тұрақты жұмыс орны ашылмақ.
Зауыт еліміздегі ең ірі индустриялық жобалардың бірі саналады. Әлемде заманауи технологиялармен жабдықталған мұндай кәсіпорын әзірге Жапония мен Қытайда ғана бар. Бүгінде 50 гектар аумақты алып жатқан құрылыс алаңында 12 қосалқы мердігер жұмыс істеп жатыр, оның 2-уі – қытайлық. Жоба бастамашысы – «Orda Glass LTD» серіктестігінің жоба директоры Талғат Ауғановтың айтуынша, шыны зауыты төрт кешенді қамтиды. Олар – дайын өнім қоймасы, ішкі теміржол, негізгі цехтар және ішкі инженерлік желілер.
– Қазір мамандар шыныны суытып қатайту желілерін монтаждап жатыр. Ал пештің жұмысына қаңтар айынан бастап кіріседі. Мамырда зауытты суық күйінде іске қосып, көп ұзамай алғашқы өнім ала бастаймыз, – дейді Т.Ауғанов.
Индустриялық аймақта инфрақұрылым жөнінен мәселе жоқ. Газ, су, электр желілері келіп тұр. Теміржол тұйығы жүргізілуде. Құрал-жабдықтар Еуропа елдерінен тасымалдануда. Қажетті шикізаттың 97 проценті – өзімізден.
Шыны зауытын салуға аталған өндірісте алпыс жылға жуық тарихы, мол тәжірибесі бар қытайлық «China Triumph International Engineering Co., Ltd» компаниясы тартылған.
– Біз әлемнің көптеген мемлекетінде осы секілді өндіріс орындарының құрылысына атсалыстық. Қызылордадағы зауыттың төрт кешенінде де жұмыс шарықтау шегіне жетіп отыр. Бас мердігер ретінде бастаманың уақытылы аяқталатынына сендіргім келеді, – дейді компанияның жоба директоры Щан Сю.
Белгіленген меже – алдағы шілде айы. Жалпы құны 42,1 млрд теңгені құрайтын зауыт іске қосылған жағдайда жыл сайын 197 мың тоннадан астам табақша шыны шығармақ. Ал кадр мәселесі оларды шетелдік мамандардың оқытуы есебінен кезең-кезеңімен шешіледі.
Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |