« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаменті “Қызылорда су жүйесі” МКК-ның ұзақ мерзімді кезеңге 2020-2024 жылдарға арналған тарифтерді бекітуге берген өтінімін қарау бойынша жиын өткізді. Оған мәслихат депутаттары, жергілікті басқару органдары, ҮЕҰ, облыстық кәсіпкерлер палатасы мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және тұтынушылар қатысты.
Басқосуда “Қызылорда су жүйесі” МКК-ның директоры Марат Жәмиев шаруашылық жүргізу құқындағы мекеменің 2020-2024 жылдарға көрсетілетін қызметтерінің шекті деңгейдегі тарифтері жобасы аясында баяндама жасады.
Оның айтуынша, өтінімде жаңа тарифтің мөлшері 1 текше метрге ҚҚС-сыз сумен жабдықтау қызметі 128,79 теңгені, суды бұру қызметі 126,04 теңгені құрайды. Тарифтің өзгеруінің негізгі себебі – жаңа инвестициялық міндеттемелердің қабылдануы, қызмет көрсетілетін аумақтың ұлғаюы, тарапты ұйымдардың қызметтерінің бағасы мен салық төлемдерінің өсуі.
Бүгінде 73 мың абоненттің 19 мыңы төлемді толық төлесе, қалған тұтынушылар тарапынан төлемақы төленбей, дебиторлық қарыз қордаланып қалған. Осыған орай, мекеме басшысы қолма-қол ақша төлеудің тоқтатылғанын жеткізді. Дегенмен, судың тарифін өсіруге байланысты қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар туындап, қарсы пікірлер айтылды. Қатысушылар тариф бағасының өзге өңірлерге қарағанда әлдеқайда қымбат екенін алға тартты. Сондай-ақ, реті келсе, тарифті көтермей- ақ, тұтынушылардан қалған қарызды жинау арқылы да табысқа шығуға болатындығын тілге тиек етті.
Жиын барысында судың сапасы да сөз болды. Таза ауыз суға дарияның суы қосыла ма деген сауалға мекеме басшысы тек жазғы уақытта 10-15 процентке дейін алынатынын айтты.
– Бұл жоба әлде де мамандар тарапынан сараптамадан өтеді. Шешім қабылданар тұста міндетті түрде айтылған пікірлер ескеріледі және тарифтің негізсіз өсуіне жол берілмейді, – деді “Қызылорда су жүйесі” МКК-ның директоры М.Жәмиев.
Айта кету керек, сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне тарифтерді бекіту алдағы жылы 9 қаңтарда қабылданатын болады.
«СБ» ақпарат.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |