"ШҰҒЫЛАДАҒЫ” ШАТТЫҚ АЙМАҒЫ

"ШҰҒЫЛАДАҒЫ” ШАТТЫҚ АЙМАҒЫСоңғы кездері облыс орталығының ажарын айшықтай түсетін жаңа нысандар қатары көбейіп келеді. Бейсенбі күні сондай демалыс нысандарының бірі қалалықтар игілігіне ұсынылды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін терең түйсінетін мұнай компаниясының қаражатына салынған тынығу орнының ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

"ШҰҒЫЛАДАҒЫ” ШАТТЫҚ АЙМАҒЫ«Шұғыла» шағын ауданында орналасқан демалыс скверін салуға «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС демеушілік жасапты. Ал тынығу нысанының құрылысын жүргізген «Абзал Проект Консалтинг» компаниясы.

Компания басшылығы мен шаһар тұрғындары қатысқан шараны аймақ басшысы Қ.Көшербаев ашып, облыс орталығының сәулеті артып келе жатқанына тоқталды. «ҚазГерМұнай» компаниясының үнемі әлеуметтік мәселелердің бел ортасынан табылып, облыс жұртының әл-ауқатын арттыруға қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өткен облыс әкімі жиналғандарды демалыс орнының ашылуымен құттықтады.

"ШҰҒЫЛАДАҒЫ” ШАТТЫҚ АЙМАҒЫ– Қызылордалықтар үшін бүгін ерекше қуанышты күн. Өйткені, «ҚазГерМұнай» серіктестігі қала тұрғындарының жайлы тынығуы үшін осындай тамаша тынығу орнын тарту етіп отыр. Аталған компания облыс орталығының инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетуді, халықтың әл-ауқатын арттыруды бір сәт те естен шығарған емес. Өткен 20 жыл ішінде аймағымыздағы мұнай компаниялары әлеуметтік салаға қыруар қаражат бөлсе, соның ішінде «ҚазГерМұнайдың» үлесі зор, – деген облыс әкімі компания басшысына алғысын білдірді.

Тұрғындар игілігіне пайдаланылуға бе­ріп отырған тынығу орнын салуға қаз­гер­мұнай­лықтар 70 млн. теңге қаражат бөліпті. Нәтижесінде «Шұғыла» шағын ауданындағы бұрынғы аквапарк аумағы адам танымастай өзгерген. Демалыс орны 3700 шаршы метрді құрайды. Осынша аумаққа түрлі-түсті төсеніш (брусчатка) төселіп, субұрқақ пен бассейін және ересектерге арналған 7 дене шынықтыру құрылғылары мен түнгі жарық орнатылған. Бұған қоса, балаларға арналған 6 ойын алаңы бар. Жүздері шаттықтан бал-бұл жанған балғындар бұған ерекше қуанышты. Ата-аналар болса, халық игілігіне жұмыс жасап жатқан компания басшылығына ризашылықтарын білдіріп жатты.

"ШҰҒЫЛАДАҒЫ” ШАТТЫҚ АЙМАҒЫӨз кезегінде «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС бас директоры Медет Кәрім аймақтың әлеуметтік саласына қолдау көрсетуді азаматтық борышы санайтындығын, жаз­ғы уақытта балаларға жақсы демалудың маңызды екендігін атап өтті. Кәсіпорынның бұл салаға алдағы уақытта да қолдау білдіретіндігін, туған қаламыздың гүлде­нуіне үлес қосып, тұрғындарды жағымды жаңалықтармен қуанта беретінін жеткізді.

Біз шұғылалықтарға шаттық сыйлаған скверді «ҚазГерМұнай» компаниясының ха­лық өмірін әлеуеттендірудегі белсенділі­гінің нақты айғағы дер едік.

Дәуіржан ЕЛУБАЕВ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ДӘУЛЕТ 02 тамыз 2014 г. 943 0