Жол апатынан қаза болған мұнайшылардың отбасыларына жәрдемақы тағайындалды

Қызылорда облысында жол апатынан қаза болған мұнайшылардың отбасыларына 1 миллион , ал жарақат алғандарға 310 мың теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Қазіргі таңда ауруханада 16 адам ем қабылдап жатыр. Олардың 6-уы әлі жансақтау бөлімінен шықпаған. Оқиға осыдан бір апта бұрын Қызылорда-Құмкөл тас жолында тіркелген еді. 32 адам отырған автобус жол жиегінен шығып аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан 8 адам көз жұмды. Тексеріс нәтижесінде автобус жүргізушісінің көлік тізгініне ие бола алмай қалғаны анықталды.
Ал жарақат алған жолаушылардың бірі жүргізушінің жылдамдықты асырып жібергенін айтқан. Бұған қоса, автобус соңғы рет техникалық бақылаудан қыркүйек айында өтіпті.
Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, өз пікірін білдірген еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2019 г. 688 0