Жөндеу жұмысы жіті бақылауда

Өткен сенбі күні облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов «Ана мен бала» орталығында болып, жөндеу жұмыстарының барысын көрді.

Айта кету керек, аймақ басшысы бұған дейін қаладағы нысандарды аралау барасында орталықта жөндеу жұмысының баяу жүріп жатқанын көріп, нақты тапсырмалар беріп, өз бақылауында болатынын айтқан еді. Қазір жұмыс қарқынды жүргізілуде.

Қазір мұндағы жұмыстың 65 проценті бітіп тұр. Негізінен ғимараттың еденін, қа­быр­ғасын жөндеп, кафель жабыстырып  жатырмыз. 51 адам жұмыс істеуде. Жоспар бойынша 21 желтоқсанда бітуі тиіс. Мерзімінде аяқталады деп отырмыз, –  деді мердігер  мекеме прорабы Ерсайын Мәмбетов.

Облыс әкімі жауапты бас­шылар мен мердігер мекеме өкілдеріне ана мен бала денсаулығы басты назар­да екенін, бұл нә­рес­телер дүниеге келетін құт­ты мекен болғандықтан жа­на­шырлықпен қарап, жұмысты са­палы жүргізу қажеттігін та­ғы бір пысықтап тапсырды.


Айнұр БАТТАЛОВА.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 желтоксан 2019 г. 515 0